Шетелден тәрбиеші жалдайтын ата-аналар көбейді

Кейінгі жылдары елімізде баласына шетелден тәрбиеші жалдайтын ата-аналар көбейді. Әсіресе, Таиланд пен филиппиндік күтушілерге сұраныс жоғары. Тіпті, қазір осы елдерден келгендерді іріктеп, арнайы оқудан өткізетін агенттіктер құрылған. Онда баланы мектепке апарып, үйірмелерге таситын күтушілерден бастап тіл үйретіп, сабақ оқытатын тәрбиешілерге дейін табуға болады.