«Отбасы банк» – жаңа қонысқа жол
Павлодарда Отбасы банк жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шараға еліміздің ең мықты құрылыс компаниялары қатысып, тұрғындарға жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларын ұсынып, кеңес берді. Сондай-ақ, азаматтарға Астанаға немесе өзге өңірлерге бармай-ақ, тұрғын үй таңдау мүмкіндігі ұсынылды.
Жәрмеңкеге келген
тұрғындар тиімді ақпарат алды. Отбасы банк менеджелерімен ірі құрылыс
компанияларының өкілдері оларға түрлі санаттағы пәтерлердің нұсқасын ұсынды. «Наурыз»
бағдарламасы да ерекше назарда. Өйткені өңірде өткен іріктеуден кейін бұл
бағдарлама арқылы 200-ден астам адам пәтер алуға үмітті.

