Астанада «нөлдік шақырым» бағанасы орнатылды

Елордада «нөлдік шақырым» бағанасы орнатылды. Бұл Қазақстанның бас шаһарынан әлем астаналарына дейінгі ара-қашықтықты белгілейтін бастапқы нүкте. Мұнда барлығы 17 бағыт көрсетілген. Олардың тоғызы бауырлас мемлекеттердің қалалары. Сондай-ақ, Қытай, Ресей сынды алпауыт елдердің астаналары бар. Ағаш бағанада садақ жебелері еліміздің Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларына да жол сілтейді. Болашақта олардың қатары шетелдік саяғатшыларға нұсқау болар өзгеде қызықты туристік аймақтармен толыға түспек.

Талғат Аманбаев, «Kazakh tourism» Ұк басқарма төрағасы:

Бұрындары киізүйлердің маңында аттарды байлауға арналған осындай бағаналар тұратын. Жүген ілінетін мына сақиналы шеңбер нөлдік нүкте іспетті. Осы арадан жолаушылар атқа қонып жан-жаққа аттанатын. Сондай-ақ, төмендегі арбаның дөңгелегі және жоғары тұсындағы шаңырақтың мәні зор. Бағанаға белгіленген қалалар да бекер таңдалмаған. Бәрі де еліміздің қалыптасуына қосқан үлесі бар елдер. Бұған қоса, бізге келетін туристер ағынына қызықты болатын аймақтар көрсетілген.