Ақтөбе облысында 21 отбасы баспаналы болды
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тасқыннан зардап шеккен 21 отбасы баспаналы болды. Олар Екпетал және Қаратал ауылдарының тұрғындары. Енді олар аудан орталығында тұрады. Көктемде бар дүние-мүлкі суға кеткен тұрғындардың тұрмыстық техникасы да түгелденді.
Жаңа үйге қоныстанғандардың бірі - Мағрипа Сүлейменова. Ол
Ойылға Екпетал ауылынан көшіп келді. Осыған дейін жанұясымен пәтер жалдап
тұрған. Жалпы Екпеталда тасқын кезінде 66 үй су астында қалды. Бүгін сол отбасылардың
бірнешеуіне аудан басынан үй берілді.

