Балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін
Келер жылы елімізде балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева «Жаңа уақытқа» берген сұхбатында айтты. Қазір ата-аналар балабақшаны тұрғылықты мекенжайына байланысты таңдайды. Ал, өзгерістен кейін баласын өздеріне ұнаған кез келгеніне апара алады. Мемлекет мұны ваучерлік қаржыландыру арқылы іске асырмақшы. Яғни, балаға қарастырылатын қаржы қазіргідей алдын ала емес, балабақшаға тіркеу аяқталғаннан кейін ғана бөлінеді.

