Қазақстанға сырт елдерден көшіп келгендер саны екі есе артты

Қазақстанға сырт елдерден көшіп келгендер саны екі есе артты. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 мыңнан аса адам елде түпкілікті тұру үшін тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе жоғары. Ұлттық статистика бюросының дерегіне жүгінсек, иммигранттардың басым бөлігін

Көршілес  өзбек елінің азаматтары құрап отыр. Екінші орында Ресейден келгендер тұр. Сонымен қатар Қазақстанға Азияның өзге де елдерінен көшіп келушілер саны көбейген. Мәселен, жылдың алғашқы үш айында Түркіменстаннан келген мигранттар саны өткен жылға қарағанда 6, монғолиялықтар 4, Қытай мен Тәжікстаннан  екі есе жоғары. Сондай-ақ иммигранттар республиканың  қай аймақтарында жиі шоғырланатыны белгілі болды. Мәселен, өзбек азаматтарының 50 проценттен астамы Маңғыстау облысында, қалғаны еліміздің оңтүстік өңірлерінде тіркелген. Ресейден келгендер көбіне еліміздің басты екі мегаполисі Алматы мен Нұр-Сұлтанды таңдайды екен. Бір айта кетерлігі, жылдың алғашқы тоқсанында тіркелген шет ел азаматтарының жартысынан астамы ұлтын қазақ деп көрсетсе, 15 процент иммигрант орыс, ал 7 % қарақалпақ ұлты өкілдері екенін айтқан. Сондай-ақ Қазақстанға қытай, парсы,  чуваш және басқа ұсақ этнос өкілдері қоныс аударған.