Маркшейдер қыздар - өндірістегі әйелдер саны артып келеді
Еңбек нарығында маркшейдер деген мамандық бар. Бұл — жер қойнауын пайдалану
саласында қажеттілігі өте жоғары жұмысшылар. Әдетте, олар шахталар мен
карьерлерді аралап, жерасты қазбаларының қорын өлшеп, картаға түсіріп, бақылау
жұмыстарымен айналысады. Физикалық тұрғыдан өте ауыр еңбек санатына жатады.
Міне, сол қызметті ер азаматтармен иық тірестіре атқарып жүрген әйелдер де бар.
Мәселен, Теміртаудағы Qarmet зауытында 2,5 мың нәзік жанды осы
мамандықты серік еткен.

