Оңтүстік астанада «Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы» жобасы іске қосылды

Оңтүстік астанада «Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы» жобасы іске қосылды

Негізгі міндет - Алматы қаласында жастар секторын дамыту, жастар саясаты саласын дамытудың стратегиялық жоспарлары мен қадамдарын әзірлеу мәселелерін талқылау үшін тиімді, сапалы және нәтижелі алаңдар мен сессияларды ұйымдастыру. Жоба үкіметтік емес ұйымдарға, көшбасшыларға және белсенді жастарға арналған тренингтер сериясын қамтиды. Жобаға қатысу аталған санаттағы барлық адамдар үшін ашық және тегін. Мемлекеттік сатып алу, ҮЕҰ жүргізу, қоғамдық қызмет, көшбасшылық, құжаттама және есептілік саласындағы тәжірибелі мамандардың сараптамалық тобы өз тәжірибелерімен бөліседі, оқыту тренингтерін өткізеді, қатысушылар да өздерінің қоғамдық жұмыс тәжірибелерімен алмасады. «Қарым-қатынас, коммуникация теориясы мен практикасы», «Эмоционалды интеллект» және «Тиімді көшбасшылық негіздері» тақырыптарына арналған тренингтердің бірінші кезеңі сәтті өтті.Тренингтер кезінде қатысушылар келесі мүмкіндіктерге ие:

Терең оқыту: тренингтер үкіметтік емес ұйымдардың тиімді қызметі үшін негізгі дағдыларды дамытуға бағытталған әзірленген мазмұнға ие.

Интерактивтілік: тәжірибе алмасу, пікірталастарға қатысу және стратегиялық байланыстарды қалыптастыру мүмкіндігі.

Жаңа байланыстар: бейресми талқылауға, кәсіби байланыстар шеңберін кеңейту мүмкіндігі.


Осылайша, тренинг бағдарламасы желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, сол арқылы қаланың жас ҮЕҰ қызметін одан әрі жемісті ынтымақтастық пен дамыту үшін жастар көшбасшыларының жобасы мен коммуникациясын дамытады.