Қазақстанда елден капиталды заңсыз шығаруға қатысты 7 іс тергелуде

Қазақстанда елден капиталды заңсыз шығаруға қатысты 7 іс тергелуде

Қазақстанда елден капиталды заңсыз шығаруға қатысты 7 іс тергелуде. Бұл туралы бүгін Президентке қаржы мониторингі Агенттігінің Төрағасы Жанат Элиманов мәлім етті. Оның айтуынша, осы іске қатысты 28 млн доллар бұғатталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап, Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы, Жанат Элимановтың айтуынша, 2022 жылдың басынан бері қаржы мониторингі Агенттігі 552 қылмыстық іс қозғаған. Олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыс. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 62 миллиард теңгені құрады.