QazVac: қазақстандық вакцина әлемдік БАҚ назарында
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина әлемдік ақпарат құралдарының назарында. QazVac препаратымен иммундау бойынша жаппай науқанның басталғаны туралы Еуропалық одақ мәселелер бойынша брюссельдік басылым EU-reporter жазды.
Инактивирленген вакцинаның әзірленуі республиканың ғылыми және өндірістік әлекетінің айқын әрі сенімді дәлелі болып саналады, деп жазады газет тілшілері. Осылайша, Қазақстан COVID-19-ға қарсы вакцина өндірушілердің қатарына енді. Жыл соңына дейін препараттың 2 млн доззасы шығарылады, деп жазылған шетелдік басылымда жарық көрген мақалада.
The Guardian британдық беделді басылым QazVac вакцинасына арналған материалында қазақстандық препараттың қос компоненттен тұратыны және қазіргі уақытта сынақтың үшінші кезеңі жүргізіліп жатқаны туралы жазған. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық ғылыми-зерттеу институты әзірлеген препараттың 50 мың дозасы ел аймақтары бойынша үлестірілген, деп хабарлайды басылым.
Қазақстан – COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеп шығарған әлемнің бесінші мемлекеті. Индонезиялық republika.co.id порталы осылай жазды. Басылым отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғанын да хабарлап отыр.
Швейцариялық swissinfo.ch басылымы өз материалында 2020 жылдың мамырында, коронавирус пандемиясы басталған соң екі айдан кейін қазақстандық вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы қолға алынғаны туралы жазады. Одан кейінгі зерттеулер оның тиімділігін 96% деңгейінде көрсетіп, еліміздің ай сайын 500-600 мың доза өндіру жоспары туралы да хабарлайды шетелдік басылым.