Рухани келісім күніне арналған конференция өтті
Ертең - Рухани
келісім күні. Осыған орай Астанада ғылыми конференция өтті. Оған белгілі
ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен діни бірлестік өкілдері қатысты.
Қазақстан
қашан да бейбітшілік пен татулықты қолдайды. Осы ұстаныммен жаһанға танылған.
Ал, қазіргідей геосаяси жағдайдың күрделі кезеңінде мәдениет аралық және
дінаралық қақтығыстарды болдырмау күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Бұл
тақырыпты 57 діни бірлестіктің өкілдері талқылады. Бәрінің мүддесі бір: халықты
бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақыру.

