Премьер-Министр жол сапасына салғырт қарамауды тапсырды

Премьер-Министр жол сапасына салғырт қарамауды тапсырды

2025 жылдың соңына қарай республикалық жолдарды түгел нормативтік жағдайға келтіру керек. Өйткені, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл туралы бүгін Үкіметтің отырысында Премьер-Министр атты. Алайда, жобалардың санын қуып, сапасына салғырт қарамауды да қатаң ескертті. Әкімдерге жергілікті жолдарды күтіп-ұстауға баса көңіл бөлуді жүктеді.

 

Ел аумағында 95 мың шақырым жол бар. Биыл соның 12 мың киломметрі жөнделеді. 20 жыл бойы күрек тимеген сүрлеулер де бар. Мысалы, «Қарағанды-Жезқазған» жобасы қос облысты ғана байланыстырмайды. Транскаспий халықаралық көлік бағытына тікелей көпір. Ұзындығы - 570 шақырымнан асады. «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолы да «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» арасын жалғап тұр. Ал, Сарыағаш айналма жолы транзиттік көліктердің қатынас кедергісін шешеді.