«Хабар» арнасының телехикаялары «YouTube»-те миллиондаған қаралым жинауда

«Хабар» арнасының телехикаялары «YouTube»-те миллиондаған қаралым жинауда

«Хабар» телеарнасы бұрын-соңды болмаған тың жобаларға толы маусымды көрерменге ұсынды. Халық көзайымына айналған «Келінжан-3» және «Рауза. Сакураның гүлдеуі» сериалдары рекордтық қаралым санын жинап, «YouTube» видеохостигінің трендтеріне енді.

«Келінжан-3» комедиясының 15 бөлімі 26 миллионнан астам қаралым жинады. Көрсетілім барысында телехикая «YouTube» трендтерінің алғашқы орындарынан тұрақтады. Жобада көрініс тапқан ауылдағы отбасы өмірін әлемнің 50-ге жуық елінің көрермендері қызықтады.

Осы күзде көрерменге жол тартқан «Рауза» телехикаясы да 19 миллионнан астам рет қаралған.

»YouTube» қолданушылары жаңа маусымның жобаларына жақсы пікірлер қалдырып, өздерінің қызыға қарайтын телехикаяларының жалғасын түсіруді талап етуде. Өз кезегінде «Хабар» телеарнасы өз көрермендерін қуантуды жалғастырады. Қазіргі кезде эфирге «Қақпан» телехикаясы ұсынылды. Жуырда «Пәленшеевтер» жанұясының шытырманға толы оқиғаларының жалғасы көрерменге жол тартады.

Қыркүйек айында «Хабар» арнасы көрермендерінің қаралым сағаттары 14 миллионға жетті. Бүгінгі таңда Агенттіктің видехостингінде 8,5 миллион «бірегей жазылушы» бар.