«Құқықтық дәріхана» акциясы өтті
Елордада «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Бірақ онда
дәрі-дәрмек емес, тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді. «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген шара осымен екінші рет
ұйымдастырылды. «Құқықтық дәріханадан» астаналықтар баспана, жұмыспен қамту,
әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметке қатысты көкейіндегі сауалдарға
жауап алды.

