Шәкіртақы 2 есе көбейеді
Биыл студенттердің стипендиясы 2 есе көбейеді. 1 қыркүйектен бастап бакалавриатта оқитындар 52 мың, педагогика және медицина бағытында біліп алып жүргендер 84 мың теңге шәкіртақы алады. Ал, магистранттардың алатыны 117 мың, докторанттардың стипендиясы – 262 мың теңгеден асады. Интернатурада оқитындар 95 мыңға жуық, резидентурадағылар 134 мың теңгедей алады.

