Еуропа мен Азияның 7 қаласына тікелей рейс ашылады
Шырайлы
Шымкент қаласы саяхатшылар үшін қызықты аймаққа айналып келеді. Миллион тұрғыны
бар мегаполис былтыр 500 мың туристті қабылдапты. Биыл бұл көрсеткіш еселенуі
тиіс. Өйткені Шымкенттен Еуропа мен Азияның 7 бірдей қаласына жаңа тікелей рейс
ашылмақ. Алғашқы ұшақ Мюнхен және Будапештке бастайды. Одан кейін Шанхай, Сеул және Каирге бағыт ашылады. Ал
шілде айында Сиань мен Үрімжіге ұшуға болады. Мұның бәрі Қазақстанның
оңтүстігінде авиациялық хабтың қалыптасуына септігін тигізеді. Қазір Шымкент
әуежайы жаңа терминалда қосымша перрон мен ұшақ үшін тұрақ орындарын көбейту
жағын қарастыруда. Әзірге әуежайдан 37 ұшақ қатынайды. Оның 22-сі ішкі рейс.
Биыл қатарға 4 жаңа ұшақ қосылған. 2028 жылға дейін Шымкенттен ұшатын ұшақ
санын 50-ге жеткізу жоспарды.

