Қазақстанда «Digital Bridge 2023» халықаралық форумы өтеді

Қазақстанда «Digital Bridge 2023» халықаралық форумы өтеді

Астанада кезекті рет цифрлық саланың озық технологиялары шоғырланады. Қазақстанда 12-13 қазанда Digital Bridge бесінші халықаралық форумы өтеді. Биылғы шара жасанды интеллект саласында адам мен технология арасындағы өзара іс-қимылы тақырыбына арналмақ. Дәстүрлі форум ауқымы жыл санап артып келеді. Елордалық алаң 20 мыңнан астам қатысушыны жинайды деп күтілуде.  Жиында әлемнің 20-дан астам мемлекетінен жүздеген спикер мен инвесторлар, бизнес періштерер бас қосып, үздік стартап жобалар ұсынылады. Халықаралық ұйымдармен бірқатар меморандумдар және келісімдер жасасу көзделіп отыр. Әдеттегідей, форумның бағдарламасы түрлі шараларға қанық болады.  

Алина Абрахманова Astana Hub басқарушы директоры:
- Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және онымен жеке кездесулер. 30-дан астам халықаралық спикерлермен панелдік сессиялар, келісімдерге қол қою, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Wards стартаптар алеясы, Аstana hub батл, стартаптар туралы реалити шоу эпизодын түсіру. Сонымен қатар дәстүрлі түрде бірқатар көрмелер, корпорациялар, робототехника мен IT- мектептер, аймақтық айти хабтар мен ірі IT-компаниялардың көрмелері және бос жұмыс орындар жәрменкесі өтеді.