Прокуратура мен күштік құрылымдарда істейтін бір топ қызметкер баспаналы болды

Прокуратура мен күштік құрылымдарда істейтін бір топ қызметкер баспаналы болды

Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымдарда істейтін бір топ қызметкер баспаналы болды. Президент Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі мамандарына пәтер кілтін табыстады. Ақордада өткен салтанатты рәсімде Қасым- Жомарт Тоқаев олардың ел тыныштығын қырағы қорғап, қоғамда «Заң мен тәртіп» және әділдік қағидатын орнықтыру жолында табанды еңбек етіп жүргенін атап өтті.