Отандастарымыз жедел жәрдем қызметіне қандай баға береді?

Отандастарымыз пандемия кезінде жұмыс істеген жедел жәрдем қызметіне баға берді. «Энерджи-Пром» порталы таратқан мәліметке сүйенсек, тұрғындар жедел жәрдем жұмысын 5 балдық жүйе бойынша бағалаған.

Көш басында Жамбыл өңірі тұр. Мұндағы дәрігерлер шақыртуларға дер кезінде барып, тиісті көмек көрсеткен. Одан кейінгі орынға Ақтөбе облысы жайғасыпты. Ал елордалық ақхалаттылар үштікке кірген.

Айта кетейік, сауалнамаға 200-ден аса адам қатысқан. Олардың дені жедел жәрдем қызметіне көңілі толатындарын жеткізген. Шақыртуға 10 минутта келді дегендер көп болған. Алайда жарты сағат күткендерін жеткізген респонденттер де бар.