Қазақстан Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медальды алды

Қазақстан Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медальды алды

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы қола түсті. Александр Герлиц ерлер арасындағы биатлон жарысында 10 шақырым қашықтықта өнер көрсетті. 28 жастағы Петропавл тумасы – бұл жарыстардағы республиканың жалғыз өкілі. «Алтын» канадалық Марк Арендцке, «күміс» украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.