Қазақстанда әлеуметтік төлем алушылардың саны 1 млн асады

Жыл сайын 1 миллионнан астам қазақстандық әлеуметтік төлемдер алады. Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Нұрсұлу Кемел хабарлады. Айтуынша, азаматтар мемлекеттен бес негізгі бағыт бойынша қаржылай көмек алады. Әлеуметтік төлемдерді асыраушысынан, еңбекке қабілеттіліктен және еңбек ету мүмкіндігінен айырылған, оның ішінде жүктілікке және босану жағдайлары бар, сондай-ақ, бір жасқа дейінгі балаға күтіміне байланысты кіріссіз қалған адамдар ала алады. Сонымен бірге төлемдер жеке кәсіпкерлер, практиктер және Бірыңғай жинақтаушы төлем төлеушілерге тиесілі. Әлеуметтік көмек алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару арқылы не болмаса, онлайн түрде өтініш жазуға болады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру 17 жыл бұрын енгізілді.

Нұрсұлу Кемел, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры:

– Ресми жұмысқа орналасу өте маңызды, өйткені адам ресми жұмысқа қабылданған бойда еңбек шарты жасалады, жұмыс берушінің осы қызметкердің алдында әлеуметтік міндеттемесі болады. Әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша ай сайын, есепті күннен кейінгі 25-күнге дейін, қормен ешқандай қосымша келісім жасамай, ай сайын ЖСН негізінде осы әлеуметтік аударым алынады.