«Tasqyn» су тасқынын болжау жүйесі іске қосылды
Елімізде
әзірленген «Tasqyn» су тасқынын болжау жүйесі наурызда алғашқы болжамдарды бере
бастайды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді. Жүйе
142 бекетті қамтиды. Су деңгейі және өзге де деректерді 114 маман күнделікті
талдап отырады. Сосын сол мәліметтерді жүйеге енгізеді. Tasqyn жаһандық су
тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Еске салайық, қазір еліміздің
су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады.

