Алматыға биыл 5700 аспалы шам орнатылады

Алматыға биыл 5700 аспалы шам орнатылады

Алматы көшелеріндегі жарықтандыру жүйесін жаңарту биыл толық аяқталады. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша жұмыстардың 85 пайызы соңына жеткен. Айта кетейік, осы орада қала әкімінің тапсырмасымен үш кезеңнен тұратын кешенді жоспар әзірленді. Биыл жаяу жүргіншілерге қауіпсіз жағдай жасау үшін 5700 аспалы шам орнату көзделген. Сонымен қатар 70 нысан сәулеттік жарықпен безендіріледі. Жыл басынан бері шаhарда 12 мыңнан астам шам ауыстырылып, 110 шақырым қашықтыққа кабель тартылды. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 20 мың шам орнату жоспарлануда.