Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Twitter парақшасында бұл мерекені елдік пен ынтымаққа шақыратын мейрам деп атап, ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі деп жазды. Келген жылдың берекелі болуын тіледі. 

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі - Көрісу күнін тойлап жатыр. Бұл Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы. Бұл күні тұрғындар бір-бірін құттықтап, ізгі тілегін арнайды.