Елімізде Ұлттық валюта күні аталып өтуде

Елімізде Ұлттық валюта күні аталып өтуде

15 қараша – Қазақстанның ұлттық валютасы күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1993 жылдың 15 қарашасында алғаш рет төл теңгеміз айналымға енгізілді. Осы сәттен бастап тәуелсіз республиканың ақша-несие және экономикалық саясаттың тарихы басталды. Ұлттық валютаның дизайны бойынша мамандар тобы 1991 жылдан бастап жұмыс істеді. Ал 1992 жылдың тамыз айында банкноталардың үлгілері бекітілген болатын. Теңгені енгізу отандық экономика дамуының жаңа кезеңі болды.