Сейсмикалық карталар жаңартылады
Еліміздегі ірі қалалардың сейсмикалық картасы жаңартылмақ. Мобильді топ жердегі тербелістерге ықтимал қауіпті аумақтарды математикалық дәлдікпен анықтау үшін тауға аттанды. Алғашқы зерттеулер республиканың шығысында бастау алды. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері жаңартылған сейсмикалық аудандастыру картасына енгізілетін болады. Болашақта бұл тұрғын үй құрылысы үшін ең қауіпсіз орындарды таңдау үшін құрылысшыларға арналған жадынама болмақ. Мәселен 2016 жылдан бері Өскемен қаласының таулы аудандарында 2 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз жүздеген көпқабатты баспаналар. Шындығында құрылысшылар топырақтың сейсмикалық белсенділігі туралы жалпы мәліметтерге ғана сүйенген. Ал Шығыс Қазақстанда 2011 жылдан бері амплитудасы 6 балға дейін жететін 22 жер сілкінісі болған.
Ринат Әміржанов, Сейсмология институтының зертхана меңгерушісі:
- Осыдан кейін құрылысқа арналған құрылыс нормаларына норматив әзірленеді. Бұл – «Еурокод-8» стандарттары. Мұндай еурокод барлық сейсмикалық елде қолданылады. Демек, бізге де неғұрлым қауіпсіз құрылысқа жол ашпақ.
Ғалымдардың пікірінше, аталмыш зерттеулер көбіне болжанбайтын жер сілкінісі болатын елдің батысында да жүргізілуі керек. Себебі өнеркәсіптің дамуы мен қалалардың өсуімен Қазақстанда сейсмикалық аудандастыру карталары да елеулі өзгерістерді талап етеді.