Келер жылы Astana LRT іске қосылады
Астаналықтардың
ЛРТ-мен жүйткитін күні алыс емес сияқты. Егер ақша жетпей қалып жатпаса, 2026
жылдың 1-тоқсанында салынуы жыр болған құрылыс бітуі тиіс. Бүгін Астана
қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп журналисттерге сұхбат берді. Биыл жаз
соңына дейін пойыздардың бәрі қалаға жеткізіліп, құрылыс жұмыстары толығымен
аяқталады. Айта кетейік, мамыр айында Қытайдың Таншань қаласында құрастырылған
LRT вагондарының алғашқы екі құрамы Елордаға жеткізілген. Бұл жерде жалпы саны 19 бірлік жылжымалы
құрам жасалады деп жоспарланған. Заманауи, төрт секциялы, жүргізушісіз жүретін,
автоматтандырудың төртінші деңгейіндегі вагондардың әрқайсысы 650 жолаушыға
шақталған.

