Қырғызстан мүсіншісі «Достық» орденімен марапатталды
Қазақтың ұлы тұлғалаларының асқақ мүсіндерін жасап жүрген қырғыз мүсіншісі Тамила Маматова «Достық» орденімен марапатталды. Сәйкес Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Мүсіншінің қос халық арасында бейбітшілік, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі бағаланды. Еске салсақ, Тамила Маматова ұлы Абайдың бюстін жасап, Көкшетау колледжіне тарту еткеннен кейін Қазақстанда танымал болды. Мүсіншінің келесі жұмысы - Мұхтар Әуезовтің мүсіні. Бұл туынды Шолпон-Ата қаласында қазақ жазушысының мұражайында қойылады.
Тамила Маматова, мүсінші
– Бұл орден маған үлкен шабыт сыйлайды. Абай Құнанбаевтың мүсіні өзім елестеткендей шықты. Тек кейінірек Шыңғыс Айтматов пен Тәттібүбі Тұрсынбаеваның бюстін жасап, әдеби топтаманы жалғастырдым десем де болады. Абай мен Әуезов - қазақтың ұлы тұлғалары.