Қазақстанның 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

Қазақстанның 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды, тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды.

ҚР ИИДМ мәліметінше, 2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды.

«27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр. Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді», – делінген мәліметте.

ҚР ИИДМ жедел желісінің телефондары:

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығы: +7 (7172) 98-35-35; 98-35-33;

ҚР ИИДМ Ахуалдық орталығының WhatsApp нөмірі: + 7 708 088 0 800

ҚР Украинадағы Елшілігінің жауапты мамандары:

Құрметті консул: Медяник Инна Сергеевна, Днепропетровск облысы, Днепр қаласы, Дмитрий Яворницкий даңғылы, 22 үй, тел: +38 (098) 222-94-37, [email protected]

Құрметті консул: Наджафли Эмин Муса оглы, Харьков, Полтава және Сумы облыстары, Харьков қаласы, Полтавский шлях көшесі, 7 үй, тел: +38 (067) 190-77-77, [email protected]

Құрметті консул: Продаевич Сергей Александрович, Одесса, Николаев және Херсон облыстары, Одесса қаласы, Пантелеймоновская көш., 101/11 үй, тел: +38 (094) 949-27-52, [email protected]

Құрметті консул: Маслюк Галина Дмитриевна, Львов, Закарпатская, Ивано-Франковская, Черновицкая, Тернопольская, Хмельницкая, Ровенская және Волбна облыстары, Львов қаласы, Замкнен көшесі, 3/1 үй, тел: +38 (032) 240-36-70, [email protected].

 Ақпарат көзі: 24.kz