«Ауыл аманаты» бағдарламасының онлайн платформасы іске қосылды

«Ауыл аманаты» бағдарламасының онлайн платформасы іске қосылды

Ауыл аманаты бағдарламасы аясында несие алуға өтінім енді Amanatnesie.kz платформасында онлайн қабылданады. Онда кредит талаптарымен танысып, өтініш жолдауға және оның қаралу барысын бақылауға болады. Сервисте өтінім 10 минутта толтырылып, 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Еске сала кетейік, «Ауыл аманатының» негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Бағдарлама бойынша қаржыландыру жылдық 2,5% мөлшерлемемен 7 жылға дейін беріледі. Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер шамамен 10 миллионға дейін, ал кооперативтер 31 миллионнан артық несие ала алады. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 5 мыңнан астам бизнесменді қолдау жоспарланған.