25 қазанда күн тұтылады

25 қазанда күн тұтылады

25 қазанда күн тұтылады. Бұл сирек кезігетін астрономиялық құбылысты еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары тамашалай алады. Жер серігі күнді түстен кейін шамамен 60-80%-ке жабады деп күтілуде. Күннің жартылай тұтылуы Астана уақытымен сағат 16:26-да басталады. Максималды фазасы бір сағаттан кейін байқалады. Ол 76%-ті құрамақ. Елордалықтар 17:35-те бұл көріністің куәгері бола алады. Астрологтар, аспан әлеміндегі бірегей сәтті жаңғыру, жаңаның бастамасы деп біледі. Сондықтанда, дәл осы кезде адам өз жағдайын бақылағаны абзал деген кеңес береді. Яғни, күннің тұтылуы адам өміріне белгілі өзгерістер алып келуі ықтимал. Оны мүлт жібермей өзін жан-жақты дамытып, жаңа күнмен тек алға жетелейтін жаңа бастамаларға ұмтылу қажет дейді мамандар.

Сабина Хакимова, астролог:

Күннің тұтылған таңғажайып сәтін көргісі келетін адамдар ең алдымен көзге зиян келмес үшін күннен қорғайтын көзілдірік киген жөн болады. Бұл жолғы құбылыс сарышаян белгісімен өтеді. Сондықтан да үлкен өзгерістер әкелуі ықтимал. Күшті трансформация болады. Яғни, жеке өмір мен материалдық құндылықтарға қатысты өзгерістер болуы әбден мүмкін. Бұл кезеңде маңызды іскерлік әрекеттерден гөрі өзіңді рухани азықтандыруға ұмтылған дұрыс. Бұл уақытты демалуға арнаған жөн. Мәселен, ванна қабылдау, табиғат аясында серуендеу, медитация жасау, туыстарыңызбен қауышуға кеңес беремін.