Қазақстан Президенті Пәкістанның премьер-министрін тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Пәкістанның премьер-министрін тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан Президенті ізгі тілегін Премьер-министр Шахбаз Шарифке жеткізді. Мемлекет басшысы Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар жеделхатта Пәкістан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өзінің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде зор жетістікке жеткені атап өтілген.