Ақтау маңындағы ұшақ апаты: соңғы мәліметтер

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: соңғы мәліметтер

Бүгін таңертең Ақтау маңындағы Ақшұқыр елді-мекенінің маңына Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы құлады. Грозный әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, маршруттың өзгеруіне қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға аялдамақ болған, алайда онда тоқтай алмаған соң, Ақтауға бағыт алған. Кейбір дереккөздер ұшақтың құлауына құстар кінәлі деп отыр. Жалпы ұшақ ішінде 67 жолаушы бар, оның ішінде 5-і экипаж мүшесі. Маңғыстау облыстық ауруханасына 29 зардап шеккен адам емдеуге жатқызылды. Дәл қазір соңғы мәліметтерді баяндау үшін тілшіміз Айман Нұрмағанбет бізбен тікелей байланысқа қосылып отыр.