Елордада ондаған жаңа жылдық шырша орнатылды
Астанада бір мезетте 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. Іс-шараға 15 мыңнан астам елордалық қатысты. Барлық орындарда тұрғындардың уақытты тиімді өткізуіне жағдай жасалған. Шырша маңында мұз айдындары, шағын архитектуралық нысандар мен фотоаймақтар орналастырылған.

