Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
Шерзат Полаттың өліміне қатысты абақтыға жабылғандардың
бірі бостандыққа шықты. Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни, қылмыс
туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға сотталған. Ол
жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шыққан, мұны жәбірленуші тараптың
адвокаты хабарлады. Айта кетейік, Шерзат ісі бойынша аппеляциялық сот биыл 18
тамыз күні Алматы облыстық сотының ғимаратында өтеді деп жоспарланған.

