Автолизингтің автонесиеден несі артық?

Автолизингтің автонесиеден несі артық?

Автолизинг автонесиеден қарағанда әлдеқайда тиімді. Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Саят Үрпежанов осылай дейді. Сөйтіп, сөзіне дәйектер келтірді. Оған қарағанда: біріншіден – мүлік лизинг алушыда емес, берушінің меншігінде қалады. Алынған лизинг сомасы толық өтелгенше көлік лизинг компанияның балансында тұрады. Әрі оны кез келген уақытта ауыстыруына мүмкіндігі бар. Екіншіден, лизингтен өткен адамдардың келісім-шарты несие тарихында сақталмайды. Айта кетейік, көлікті лизингке сатып алу пилоттық жобасының бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Алғашқы көлік жеке тұлғаға жылына 15 пайызбен 3 жылға берілген. Бастапқы жарна – 10 пайыз. Бұл заңды тұлғаларға берілетін лизинг шартымен бірдей. Мұнда халықаралық тәжірибе негізге алынған. 

Саят Үрпежанов, «Forteleasing» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: 

- Шетелдегі тәжірибені қарайтын болсақ, оларда бастапқы жарна деген жоқ. Мысалы, Астанаға көшіп келдіңіз ба, аэропорттан машина аласыз да жүре бересіз. Ешқандай бастапқы жарнасыз. Сондықтан бәсекелестік, нарық бұл мәселені рет-ретінен орнына қояды деп ойлаймын. Біз бірінші кезеңді усложненный вариантпен өттік те, енді ақырындап упрощенный вариантқа шығамыз.