Есірткі түрлерін анықтау мерзімі азайды
Елде есірткі түрлерін анықтау процесінің мерзімі азайды. Бұрын бір есірткінің түрін білу үшін кем дегенде 2 апта қажет болған. Қазір бар болғаны 24 сағат керек. Бұған қоса наша өндіретіндер мен өткізетіндерге жаза күшейді. Енді бұл қылмысқа қатысы барлардың мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Есесіне, есірткіні жасырын орналастырушыларға қатысты жаза жұмсарды. Бұрын қылмыстары үшін 5 жылдан 10 жылға дейін сотталатын. Енді жаза мерзімі 8 жылға дейін қысқарды.

