16 мың шақырымнан астам жол цифрландырылды
Ел аумағындағы облыстық және жергілікті жолдардың басым бөлігі цифрландырылды. Әсіресе, Батыс аймақтарда жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал, Астанада толығымен аяқталған. «Қазақстан жол» ғылыми зерттеу институтының ақпараты бойынша, 16 мың шақырымнан астам жолға қатысты мәлімет бірыңғай электрондық жүйеге енгізілген.

