Қазақстанда тағы бір логистикалық хаб құрылады

Оны Ақтөбе облысында ашу көзделіп отыр. Жоба әуежай базасында орналасады. Тиісті меморандум түрік инвесторларымен бекітілді. Шетелдік компания 160 млн доллар инвестиция құймақ. Аумағы 500 мың шаршы шақырымды құрайтын Контейнерлік хаб  жабық жөнелту терминалдары, контейнерлерді күтуге арналған тұрақ, жүкті сақтау мен өңдеуге арналған терминал, контейнерлерді теміржол және басқа бағыттарға бөлу алаңдарынан құралады деп жоспарланып отыр.