Ақылы жолдар: төлем тәртібі өзгереді
Ақылы жолдардың төлем тәртібі өзгеруі мүмкін. Көлік министрлігі сараланған
жүйе енгізуді ұсынып отыр. Бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін шетелдік
транзиттік көліктерге қатысты. Себебі халықаралық бағытта жүретін ауыр жүк
көліктері жолдарға көбірек салмақ түсіреді. Жаңа жүйе сол жолдарды күтіп-ұстау
мен жөндеуге кететін шығынды өтеуге мүмкіндік бермек. Яғни, жолды жиі
пайдаланатын, әрі көп салмақ түсіретін көліктер соған сай төлем жасайды. Түскен
қаржы жол инфрақұрылымын дамытуға және жөндеуге жұмсалады. Алайда бұл норма
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге, Қазақстан азаматтарына және ақылы
жолмен жүру тәртібі үкіметаралық келісімдерде қарастырылмаған мемлекеттерге
қолданылмайды.

