«Қорғау» - зардап шеккен жандардың қорғаны

«Қорғау» - зардап шеккен жандардың қорғаны

Биыл Алматыдағы «Қорғау»  дағдарыс орталығына тұрмыста зорлық-зомбылыққа тап болған 23 әйел жүгінген. Өйткені мұндағы мамандар зәбір көрген жандарға құқықтық кеңес береді. Тіпті жұмысқа орналасуға дейін көмектеседі. Қажет болған жағдайда жаңа өмірге бейімделуге де жәрдемдерін береді.