Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіснамасы

Осындай қызықты бейне роликтер арқылы қазақ тілін үйренуге болады. Бұл ерекше әдістің авторы - қазақстандық Сергей Хван. Ол пандемия кезінде қол қусырып бос отырмай «Қаз сабақ» онлайн мектебін ашқан. Еңбегі зая кетпей қазіргі таңда оқу курсының шарапатын 600-ге тарта адам татып жатыр.Тілін қазақшаға сындырып жүргендердің қатарында Қазақстанмен қатар, Ресей,  Сингапур, Корея, Испания мен АҚШ сынды шетел азаматтары бар. Сабақты 30 оқытушы қашықтан әлеуметтік желі арқылы өткізеді. Ең бастысы тіл меңгерудің тиімділігін арттыру үшін топпен емес, әрбір адамға аптасына 5 күн 1 сағаттан жеке-жеке уақыт бөлінеді. Сергей, қатысушы ойын қазақша еркін жеткізіп сайрап кетпейді дейді. Бағдарлама ауыз-екі сөйлесуге үйретуге бағытталған. Күнделікті қолданылатын сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер қолданылады.       

Сергей Хван, жоба авторы:

– Мектеп толықтай телефон арқылы телеграмм желісінің көмегімен құрылды. Біз оқушыға қысқа сұрақтар қоямыз. Ол сол сауалдарымызға жауап беруі керек. Егер жауабын беруге қиналса біз қысқа түсіндірме видео жібереміз. Ол аз болса сол сұраққа өзіміз жауап беріп неліктен олай екенін ұғындырамыз. Мен тілдің құрылымын түсіндіретін кітап жаздым. Ол әдістеме етістіктің шақтарын өгертуге қатысты 600-ге тарта кезеңді қамтиды.