Қазақ тілінде ақпарат беретін ультрадыбыстық диагностикалық құрылғылар шығарыла бастады

Медициналық жабдықты шығаратын компанияның мәліметіне сүйенсек бұл УДЗ құрылығылары жоғары сұранысқа ие, әсіресе, жүкті әйелдерді скринингтік тексеруде танымал. Диагностикалық құрылғының қыр-сырын дәрігерлер жетік меңгерген. Жүйенің техникалық мүмкіндіктері инновациялық құралдардың арқасында дәл диагноз қоюға көмектеседі. Мемлекеттік тілдегі бағдарламалық қамтамасыз ету ақ халаттыларға да, науқастарға да ыңғайлы. Ал соңғыларына енді ем шара туралы ақпарат мемлекетттік тілде беріледі.

Еркін Ділімбетов, заманауи медициналық жабдықтар өндіруші компаниялар кеңесінің төрағасы:

- Бүгінде қазақ тілінде ақпарат алатын адамдар саны артып келеді. Осылайша, дәрігерлерге ыңғайлы болуы, сонымен қатар жұмыстың жылдам орындалуы мен ақ халаттылардың техниканың қыр-сырын тез меңгеруі үшін осындай аппарат шығаруды туралы шешімге келдік. Бір жылдың ішінде біз қазақ тілі мамандары, ультрадыбыстық диагностика қызметкерлері, акушерлік және гинекология сияқты нақты сала мамандарымен бірігіп осы құрылғыларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және барлық пайдаланушы интерфейстерін мемлекеттік тілге аудардық.

Компания жоспарында бір жылда 150-ге жуық ультрадыбыстық сканер шығару бар. Болашақта Орталық Азия мен Кавказ, сондай-ақ Таяу Шығыс елдеріне экспорттауға да мүдделі, осыған байланысты олардың санын алдағы уақытта 300-ге жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар өзге де медициналық құрылғылардың жүйелерін қазақ тілінде сөйлету көзделген. Жалпы отандық өндіруші құрылғыларының бағдаламалық жасақатамасы 12 тілде ақпарат бере алады.

Еркін Ділімбетов, заманауи медициналық жабдықтар өндіруші компаниялар кеңесінің төрағасы:

- Қазірдің өзінде бұл жұмысты қолға алдық. Бүгінде рентген аппараттарына қазақ тілін енгізу жұмыстары жүргізілуде, дегенмен емделуші мониторларында қолдануды бастап кетті. Құрылғы көп тілді болуы мүмкін. Сонымен қатар Орталық Азия нарығына шығуды мақсат етіп отырғандықтан, біз құрығыларымызға қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен тілдерін енгізуді де ойластырып отырмыз. Яғни, бұл құрылғылардың толық локализациясы бар. Қазір рентген аппараттарына, емделуші мониторларына және ультрадыбыстық аппараттарға қырғыз тілін енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Алдағы уақытта қазақстандық өндіруші медициналық техниканың 70-тен астам түрін шығаруды жоспарлап отыр.