Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Эммануэль Макронды Франция Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін өзара күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін қуаттады. Қос ел арасындағы сан қырлы ықпалдастықты нығайту жолдарын талқылау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.