Халықты газбен қамту деңгейі 62 пайыздан асты

Халықты газбен қамту деңгейі 62 пайыздан асты

Елімізде халықты газбен қамту деңгейі 62 проценттен асты. Кейінгі 3 жылда 1 миллион 700 мың адам көгілдір отынды пайдалана бастады. Бұл туралы Президент қабылдауында «QazaqGaz» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов айтты. Ол ұлттық компания атқарып жатқан жұмыс жөнінде есеп берді. Мәселен, Талдықорған – Үшарал газ құбырының желілік бөлігінде құрылыс аяқталды. Бұл Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Санжар Жаркешов салаға цифрлық шешімдер енгізу, соның ішінде NVIDIA жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін суперкомпьютерді қолдану жоспары жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымына дайындыққа, еліміздің газ саласындағы әлеуетін жоспарлы түрде нығайтуға қатысты бірқатар тапсырма берді.