Курчатовтағы ұлттық ядролық орталықта төмен байытылған уран отыны бар реактор іске қосылды

Курчатовтағы ұлттық ядролық орталықта төмен байытылған уран отыны бар реактор іске қосылды

Курчатовтағы ұлттық ядролық орталықта төмен байытылған уран отыны бар реактор іске қосылды. Стратегиялық санаттағы ғылыми эксперимент және МАГАТЭ-нің ұзақ мерзімді бағдарламаларына сәйкес келеді. Бұл – қазақстандық энергетика саласында да, жалпы әлемде де ауыз толтырып айтатын оқиғалардың бірі. Қазіргі таңда  отандық физиктер реактордың жаңа ядросының сипаттамаларын зерттеу үстінде, сондай-ақ, Ресей мен АҚШ-тағы әріптестерімен бірге отынның жаңа түрін пайдалану арқылы энергия өндірудің көрсеткіштерін жақсартуды көздеп отыр. Сынақтар 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Ерлан Батырбеков, ҚР ҰЯО Бас директоры:

– Ұлттық ядролық орталығында ВГ-1М зерттеу реакторын төмен байытылған уран отынымен іске қосу сәтті аяқталды. Ал, осыдан тура 30 жыл бұрын, Ұлттық ядролық орталық құрылған жылы, ВГ-1 реакторын жоғары байытылған отынмен іске қосу табысты жүргізілген еді. Келесі кезеңде жаңа реактордың энергетикалық қуаты іске қосылады, жаңа белсенді аумақтағы қажетті сипаттамаларды эксперименталды түрде анықтау жүзеге асады.