Құмар ойындарын жарнамалауға тыйым салатын заң күшіне енді

Құмар ойындарын жарнамалауға тыйым салатын заң күшіне енді

Құмар ойындарын жарнамалауға тыйым салатын заң күшіне енді. Бұдан былай, букмекерлік кеңселер мен ұтыс ойындарын көшелерде, ғимараттардың сыртында, көлік құралдарында, билбордтарда жарнамаға рұқсат жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдары да құмар ойынды насихаттай алмайды. Бірақ, бұл заң спорт арналарына қатысты емес. Телеарналар халықаралық спорт шаралары кезінде ғана жарнама шығара алады. Ережені елемегендер 200 мың теңгеден аса айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде бұл қайталанса, 586 мың теңге айыппұл салынады. Бұл жеке тұлғаларға қатысты жаза. Ірі компанияларға салынатын айыппұл 1 жарым миллион теңгеге жуық.