Қондырғылар автоматты жүйемен басқарылады

Қондырғылар автоматты жүйемен басқарылады

«Қарағанды түстімет» өндірістік бірлестігінің «Нұрқазған» байыту фабрикасындағы кен ұсақтау кешенінің қуаты артты. Кәсіпорын жылына 4 миллион тоннадан астам кенді ұсақтауды көздеп отыр. Жаңа технологиялармен жабдықталған байыту фабрикасының жай-үйін өңірдегі әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы көріп келді.


Ернат Жүнісовтың «Нұрқазған» байыту фабрикасында  еңбек етіп жүргеніне 4 жыл болды. Ол флотациядан келген материалдарды  кептіріп, құрғатуға жауапты.


Ернат Жүнісов, «Нұрқазған» байыту фабрикасының маманы:


- Біз қазіргі таңда «Diffenbak XAZ» заманауи технологиямен жұмыс істейміз. Және бізге қолайлы. Біздің фабрикада жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бізді қуантады. Және алдымызға қойған мақсаттарымызға нық сенім береді.


Ал, «Нұрқазған» байыту фабрикасында ұсақтау - сұрыптау кешені 2024 жылы ақпан айында іске қосылды. Өндіріс орнына еуропалық компанияның құрал – жабдықтары орнатылған. Түгелдей стандарт талаптарына сай. Кәсіпорындағы қондырғылар автоматты жүйемен жұмыс істейді. Тағы бір  тиімділігі тек  бір ғана оператор қашықтан пультпен басқарады.


Дияр Башимов, «Нұрқазған» байыту фабрикасының директоры:


- Жаңғырту жұмыстарының нәтижесі жұмыскерлердің жарақаттануына жол бермеу бағытында өзінің тиімділігін көрсетті. Себебі адамдар қондырғымен тікелей жұмыс істемейді. Сондықтан да қауіпсіздік деңгейі төмендеді. Фабрикада персоналды позициялау және шұғыл хабарлау жүйелері енгізілді.Жабдықтардың барлығы жаңадан қойылған. Арнайы белгі беретін датчиктар, камералар мамандар мен –қондырғының жұмысын және адамдардың қауіпсіздігін тәулік бойы бақылайды.

Фабрикада 2017 жылдан бастап ұсақтау, ұнтақтау, скрининг және флотация процестеріне жаңғырту жүргізілді. Бұған «Қазақмыс» корпорациясы 46 миллион АҚШ доллардан астам қаржы жұмасапты. Алдағы жылы кен ұсақтау көлемін жылына 4,5 миллион тоннаға жеткізу жоспарлауда. Келешекте жаңа технологияның нәтижесінде кендегі мыстың деңгейін мамандар 94- 95 процентке жеткізбек.