АХҚО аумағында британдық университеттің филиалы ашылады

АХҚО аумағында британдық университеттің филиалы ашылады

Қазақстанда бірден екі шетелдік техникалық университеттердің филиалы ашылуы мүмкін. Бұл ресейлік және британдық университеттердің өкілдіктері болады. Соңғысы АХҚО-ның алаңында пайда болады деп жоспарланып отыр. Кадрлар басым бағыттар бойынша, сондай-ақ ел экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып дайындалады. Өз кезегінде Қазақстан қажетті көмек көрсетуге дайын. Сондай-ақ қыркүйек айынан бастап Солтүстік Қазақстан университетінде Аризона ЖОО-ның филиалы ашылатыны белгілі болды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 өкілдігін ашуды тапсырды.