Жас маман - сенімді серіктес
Қазақстанда сантехниктердің айлық табысы 1 миллион
теңгеден асады. Бұл туралы сала мамандары техникалық колледж студенттерімен
кездесуде айтты. «Жас маман – сенімді серіктес» тақырыбымен өткен жиында жұмыс
берушілер мен сарапшылар бас қосып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар,
жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және кәсіптік даму жолдарын талқылады. Кездесуде
өндірістік тәжірибеден өтіп, табысты қызмет атқарып жүрген жас мамандар сөз
алды. Жұмыс берушілер колледж түлектерінің дайындық деңгейін жоғары бағалап,
өндірісте техникалық кадрлардың маңызын атап өтті.

